Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Р. Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскедегі Төле би көшесінің құрылысын салу» жобасы аясында жол жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 16 шілдесі мен 20 тамызы аралығында Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында автокөлік құралдарының қозғалысы толықтай жабылатын болады.

Осыған орай келесі баламалы жолдарды пайдалануды сұраймыз:
Тұран даңғылынан Е54 көшесі арқылы Төле би көшесіне;
Ұлы Дала даңғылынан жергілікті жүріс бөлігі арқылы Төле би көшесіне.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескерулерін сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.