
Ағымдағы жылдың 27 маусым күні сағат 14:00-ден 28 маусым күні сағат 16:00-ге дейін Әлімбаев көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылысында маршруттық жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты аталған қиылыста көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескерулерін сұраймыз.