
Ағымдағы жылдың 27 маусымы мен 1 шілдесі аралығында келесі көшелерде жол төсемінің үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі:
* Баршын көшесінде Н. Тілендиев даңғылынан С. Мұқанов көшесіне дейінгі учаскеде;
* С. Мұқанов көшесінде Баршын көшесінен Айналма жолға дейінгі учаскеде.
Осыған байланысты автокөлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескерулерін сұраймыз.