
Орташа жол жөндеу аясында А. Бараев көшесі мен Ш. Уәлиханов көшелерінің қиылысында, Асан Қайғы көшесінен бастап жол жұмыстары жоспарлануда.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 20-21 маусымы аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Бұл ретте көлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.