
“Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынов көшесіне дейінгі учаскеде Ұлы Дала даңғылының (А52) асфальт жабынын ауыстыру жұмыстарының жүргізілгені туралы хабарлайды. Бұл жұмыстар мердігер ұйымның қаражаты есебінен кепілдік міндеттемелер шеңберінде жүргізіледі.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 16 мен 19 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асырылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.