
Көше қиылыстарындағы ақаулы асфальт жабындысын ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөлік құралдарының қозғалысы уақытша толық жабылатынын хабарлаймыз.
Шектеулер келесі мерзімдерде қолданылады:
Ж. Нәжімеденов көшесі/Қ. Қуанышбаев көшесі – 10 маусым сағат 21:00-ден 11 маусым сағат 07:00-ге дейін;
Ж. Нәжімеденов көшесі/Қ. Аманжолов көшесі – 12 маусым сағат 21:00-ден 13 маусым сағат 07:00-ге дейін;
Ж. Нәжімеденов көшесі/С. Нұрмағамбетов көшесі – 13 маусым сағат 21:00-ден 14 маусым сағат 07:00-ге дейін;
С. Нұрмағамбетов көшесі/А. Байтұрсынов көшесі – 14 маусым сағат 21:00-ден 15 маусым сағат 07:00-ге дейін.