Қала тұрғындары мен қонақтарына «Тілендиев даңғылы мен Бейсекова көшесінің қиылысында көлік айрығын салу» жобасы аясында Тілендиев даңғылында жол жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлаймыз.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 6 маусымы мен 6 шілдесі аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.