
Н. Тілендиев даңғылының Баршын көшесінен көлік жолайрығына дейінгі учаскесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ағымдағы жылдың 31 мамыры мен 15 маусымы аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Қозғалыс екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.