
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын ағымдағы жылғы 5 маусым және 5 шілде аралығында Қобда тұйық көшесінен А-135 көшесіне дейінгі учаскеде Астана - Қарағанды тас жолында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетіні туралы хабардар етеді. Бұл ретте автокөлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Осы учаскеде кептелістердің алдын алу мақсатында балама бағыттарды пайдалануларыңызды сұраймыз:
- көлік айрығынан оңға қарай айналма жолмен Ақжол көшесіне немесе Алаш тас жолына дейін;
- көлік айрығынан солға қарай айналма жолмен Шерхан Мұртаза көшесіне дейін.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.