
«Тәуелсіздік даңғылын (Аль-Фараби) жалғастыру құрылысы» жобасын іске асыру аясында 25 мамырдан бастап жылдың соңына дейін Аль-Фараби даңғылы мен Ф. Оңғарсынова көшесінің қиылысында көлік қозғалысы толықтай жабылады.
Көлік құралдарының бұрылуы Аль-Фараби даңғылы бойымен, сондай-ақ Ф. Оңғарсынова көшесі бойымен аталған қиылысына дейін жүзеге асырылады.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 14 мамырынан бастап Аль-Фараби даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында қозғалыс уақытша жабылады. Бұл учаске құрылыс аймағы болып табылады және қазіргі уақытта асфальт төсемі жоқ, сондықтан көлік қозғалысы қарқыны төмен. Осыған байланысты көлік құралдарының бұрылуы да аталған қиылысына дейін ұйымдастырылады. Жүк көліктерінің өтуі қамтамасыз етіледі, алайда жұмыстардың жекелеген кезеңдерінде оның уақытша шектелуі мүмкін.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге маршруттарын алдын ала жоспарлап, балама жолдарды қолдануды сұраймыз.