
«Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында көшелерді салу» жобасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 26 сәуірі мен 1 қыркүйегі аралығында «Syganaq» БО мен «Ишим» ТК арасындағы қозғалыс толықтай жабылатын болады.
Аталған кезеңде инженерлік желілерді жүргізе отырып, көше құрылысы жұмыстары орындалады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы мүмкін болатын өзгерістерді ескерулерін сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттағыштар орнатылады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарап, қала бойынша қозғалысты жоспарлау кезінде ескерулеріңізді сұраймыз.