
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын ағымдағы жылғы 10-25 сәуір аралығында А-52 көшесінен С. Шәймерденов көшесіне дейінгі учаскеде Ж. Нәжімеденов көшесінің орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетіні туралы хабардар етеді. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылатын болады.
Көрсетілген учаскеде жол кептелісін азайту мақсатында, қатар жатқан А. Байтұрсынов көшесімен қатынауды ұсынамыз.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.