Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Республика даңғылы бойынша жол жамылғысына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.

Биыл А. Иманов көшесінен теміржол вокзалына дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

Жұмыстардың бірінші кезеңі А. Иманов көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралықта 8–14 сәуір күндері басталады деп жоспарлануда. Осы кезеңде автокөлік қозғалысы ішінара және кезең-кезеңімен шектелетін болады.

Абай даңғылынан теміржол вокзалына дейінгі келесі учаскеде жұмыстардың жүргізілу мерзімі мен енгізілетін шектеулер туралы қосымша хабарланады.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында жөндеу жұмыстары кезеңінде уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды, сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастырудағы мүмкін болатын өзгерістерді ескеруді сұраймыз.

Уақытша өзгерістерге түсіністікпен қарап, қала бойынша қозғалысты жоспарлау кезінде ескерулеріңізді сұраймыз.