
Елордада «Ұлы Дала» даңғылының Ж. Нажмеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі жаңа учаскесінде көлік қозғалысы ашылды. Автокөлік жүргізушілері аталған жаңа жолды пайдалана алады.
Жоба аясындағы құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Жоспарға сәйкес жолдың бір жағында инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Екінші жағында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін тротуар салу жұмыстары атқарылуда. Тротуарлар мен іргелес аймақтарды абаттандыруды қоса алғанда, аумақты кешенді абаттандыру жұмыстары 2026 жылы жалғасып, толық аяқталады.
Аталған учаскенің ашылуы ауданның көлік байланысын жақсартып, тұрғындардың жолға кететін уақытын қысқартады.