
2025 жылдың 28 қазанынан бастап астанада Д. Қонаев көшесінің Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы қайта жанданады.
Жерүсті бөлігінде негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды: жаңа жол жабыны төселіп, жол таңбалары сызылды, қажетті жол белгілері орнатылды. Аталған учаске пайдалануға толық дайын.
Қазіргі уақытта көпір құрылысында және іргелес аумақтарда әрлеу мен абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
Аталған учаскеде қозғалыстың қайта жандану астананың орталық аудандарының көлік байланысын айтарлықтай жақсартып, көршілес магистральдарға түсетін жүктемені азайтады және қала тұрғындары мен қонақтарының жол жүру уақытын қысқартады.