Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Тәуелсіздік даңғылынан Арыс көпіріне дейінгі учаскеде Ш.Қалдаяқов көшесіндегі жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілгені туралы хабарлайды.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 6 мен 8 қазан аралығында осы учаскедегі қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілетін болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.