Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
- «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақрылымын дамыту басқармасы» ММ, 2025 жылғы «23» қазан, сағат 15.00-де, Астана қ. Бейбітшілік к-сі 11, 523 каб. мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттар шығарылады: №1 лот - № 55; №2 лот - № 58,
№3 лот - № 62, №4 лот - 63, №5 лот - №501, №6 лот – 502, №7 лот - 503, №8 лот - 504,
№9 лот - 505;
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер Басқармаға конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Астана қ. Бейбітшілік к-сі 11, 549 кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
- 2025 жылғы «29» қыркүйекте конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2025 жылғы «16» қазанда, сағат 15:00-ге дейін.
- Анықтама алу үшiн телефондар: 8 (7172) 55-65-55.