Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Қ. Мұхамедханов көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде Әйтеке би көшесі бойынша жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жөніндегі жұмыстардың жүргізілетіні туралы хабардар етеді.
Осыған байланысты осы учаскедегі қозғалыс ішінара кезең-кезеңімен жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта ғана ұйымдастырылатын болады: 15-18 қыркүйек аралығында Қ. Мұхамедханов көшесінен Сығанақ көшесіне қарай, содан кейін 19-23 қыркүйек аралығында Сығанақ көшесінен Қ. Мұхамедханов көшесіне қарай.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.