Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Тәуелсіздік даңғылынан М.Жұмабаев даңғылына дейінгі учаскеде Қажымұқан Мұнайтпасов көшесі бойындағы жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілгені туралы хабардар етеді (9-12 қыркүйек аралығында ішінара).
Бұл ретте 12 қыркүйектен бастап күндізгі уақытта ағымдағы жылдың 12 қыркүйегі сағат 20:00-ге дейін Қ.Сәтбаев көшесі жағынан Қ. Мұнайтпасов бағытындағы қозғалыс толығымен жабылады. Сондай-ақ, Ақбұлақ каналы жағынан бағыт тек оңға және солға қамтамасыз етіледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.