Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына Ч. Айтматов көшесінде Қорғалжын тас жолынан Ш. Қосшығұлұлы көшесіне дейінгі учаскеде жол жамылғысына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 10-22 қыркүйегі аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы кезең-кезеңімен ішінара шектеледі. Сонымен қатар, автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен қамтамасыз етіледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.