Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Марал көпірі (М2) бойындағы деформациялық тігістер бойындағы жол төсемін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың жүргізілгені туралы хабардар етеді. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 6 қыркүйегі сағат 15:00-ден 8 қыркүйегіне дейін автокөлік құралдарының қозғалысы ішінара шектелетін болады. Бұл ретте
автокөліктердің қозғалысы
тараптардың бірімен екі бағытта да
ұйымдастырылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.