«Астана қаласының жолдарының құрылысы» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

«Астана қаласының жолдарының құрылысы» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ «Астана қаласының жолдарының құрылысы» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жобаның атауы: «Астана қаласының жолдарының құрылысы»

Жобаны іске асыру саласы: Жоба инфрақұрылымы саласында жүзеге асырылуда.

МЖӘ жобасының мақсаты: Астана қала жолдарын салу және халықтың сұранысын қанағаттандыру.

Осы жобаның ілеспе мақсаттары мен міндеттері:

  • жол шаруашылығының желісін дамыту және қала тұрғындарын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
  • көлік инфрақұрылымын, атап айтқанда көше-жол және жаяу жүргіншілер желісін дамыту мақсатында елордада қазақстандық стандарттарға сәйкес келетін заманауи 8 жолақты жолды іске асыру
  • көлік құралдарының қозғалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және қамтамасыз ету
  • автомобиль жолдарын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды сапалы қамтамасыз ету.

МЖӘ объектісінің жобалық қуаты: ұзындығы 3,5 км, 8 қозғалыс жолағы.

МЖӘ жобасын іске асыру орны: Астана қаласындағы жер телімі, Әл-Фараби көшесінің жалғасы (№38 көше), онда жер телімі шамамен 23,57 га.

МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі: 78 ай және одан да көп, оның ішінде:

  • Құрылыс кезеңі: 18 айдан бастап;
  • Техникалық пайдалану мерзімі: 5 (бес) жылдан бастап.

Жобаны салу мен іске асырудың осы мерзімдері шамамен және болжамды болып табылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптестер 2025 жылғы 31 қазан сағат 23:59 (жергілікті уақытпен) дейін «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ-нің техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген техникалық ұсынысты ұсынуы, сондай-ақ қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет, оның негізінде «МЖӘ туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 15 маусымдағы № 52 бұйрығымен бекітілген МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру ережелерінің 10-қосымшасына сәйкес біліктілік іріктеу жүргізілетін болады.

Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ.

Байланыс деректері: «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ жобалау бөлімінің меңгерушісі – Сулейменова Гульнур Жанабергеновна, тел.: 8 (717) 255 67 41, e-mail: G.Sadymova@astana.kz.

Құжаттар көшірмесінің топтамасын сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-18.30-ға дейін (жергілікті уақыт бойынша) мына мекен-жай бойынша алуға болады: ҚР, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, № 11 үй.

Техникалық тапсырма осы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап сұрау салу бойынша беріледі.