№117 жаңа мектепке ыңғайлы кіреберіс қамтамасыз етілді және қауіпсіз қозғалыс ұйымдастырылды

№117 жаңа мектепке ыңғайлы кіреберіс қамтамасыз етілді және қауіпсіз қозғалыс ұйымдастырылды

№117 жаңа мектепке ыңғайлы кіреберіс қамтамасыз етілді және қауіпсіз қозғалыс ұйымдастырылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жаңа №117 мектепке оқушылар мен олардың ата-аналары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Төле би көшесінен ЕК-13 көшесі арқылы ыңғайлы кіреберіс қамтамасыз етілгенін хабарлайды.

Сонымен қатар, мектептің айналасында — ЕК-20, ЕК-16 және ЕК-16/1 көшелері бойынша біржақты қозғалыс ұйымдастырылып, бұл көлік ағындарын тиімді бөлуді және білім беру мекемесінің маңындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Мектеп тарапынан жаяу жүргінші тротуарларын абаттандыру жұмыстары орындалды. Қосымша хабарлаймыз, ЕК-13 көшесінен Анет баба көшесіне дейінгі тротуарлар ағымдағы жылдың қазан айында абаттандырылады.

Аталған іс-шараларды іске асыру қауіпсіз және қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға, сондай-ақ білім беру нысандарына көлікпен қолжетімділікті жақсартуға бағытталған.