
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындарын мен қонақтарын Д. Қонаев пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында жөндеу жұмыстарының жүргізілетіні туралы хабардар етеді. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 15 тамызындағы сағат 22:00-ден 16 тамыздағы сағат 06:00-ге дейін, сондай-ақ 16 тамыздағы сағат 22:00-ден 17 тамыздағы сағат 06:00-ге дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады. Күндізгі уақытта қозғалыс ашық болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.