"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Кенесары көшесінен А. Иманов көшесіне дейінгі учаскеде Егемен Қазақстан газеті көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлайды.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 16-18 тамыз аралығында көрсетілген учаскелерде қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.