«Астана қаласының Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ хабарлайды: "Р.Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі Төле би көшесін салу" жобасы аясында инженерлік желілерді салу және Төле би мен Орынбор көшелерінің қиылысында жол салу жұмыстары жүргізілетін болады.
Осыған байланысты биылғы жылдың 7 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылады. Бұл ретте автокөліктердің қозғалысы сызбада көрсетілген бағытпен ұйымдастырылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.