"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Арыс көпірінен Түркістан көшесіне дейін Сығанақ көшесін жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жалғастыратыны туралы хабарлайды. Сонымен қатар, жұмыстар Арыс көпірінде де жүргізіледі.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 3-25 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.