Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындарын мен қонақтарын Ш. Қосшығұлұлы көшесіне жақындағанда Е. Серкебаев көшесінің бойында нөсерлі кәріз желілерін енгізу бойынша жұмыстардың жүргізілетіні туралы хабардар етеді.
Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 2 тамыз күні сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.