Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
- «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақрылымын дамыту басқармасы» ММ, 2025 жылғы «28» тамыз, сағат 15.00-де, Астана қ. Бейбітшілік к-сі 11, 523 каб. мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттар шығарылады: №1 лот - № 16; №2 лот - № 52,
№3 лот - № 327, №4 лот - 328, №5 лот - 329;
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер Басқармаға конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Астана қ. Бейбітшілік к-сі 11, 549 кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
- 2025 жылғы «4» тамызда конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2025 жылғы «21» тамызда, сағат 15:00-ге дейін.
- №№ 16, 52, 327, 328, 329 маршруттары әлеуметтік маңызды қатынастарының тізіміне енгізілген. Көрсетілген бағыт бойынша есептік тарифтер, ұзындығы 12 метр қалалық төмен еденді дизельді автобустарға негізделген.
- Анықтама алу үшiн телефондар: 8 (7172) 55-65-55.