Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына  Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі учаскеде С.Сейфуллин көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу бойынша жұмыстардың жүргізуі туралы еске салады.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына  Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі учаскеде С.Сейфуллин көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу бойынша жұмыстардың жүргізуі туралы еске салады. Осыған байланысты 26 маусым - 6 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бірінші Республика даңғылына қарай, кейін Сарырқа даңғылына қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.