Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына Қорғалжын тас жолында қосымша жүріс жолағын салу мақсатында жолдың оратсында орналасқан бөлгіш құрылымды алу жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.

Сонымен қатар, дәл осындай жұмыстар Қорғалжын тас жолы мен Е-430 көшесінің қиылысында да жүргізілетінін хабарлаймыз.

Осыған байланысты, 29 шілдеден бастап 20 тамызға дейін Қорғалжын тас жолы мен Айтматов көшесінің, сондай-ақ Қорғалжын тас жолы мен Е-430 көшесінің қиылыстарында  екі бағытта да көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.