
"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Сығанақ көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлайды:
- Қабанбай батыр даңғылынан Қазақ раиосына дейін;
- Қазақ радиосынан Сауран көшесіне дейін.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 20-25 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.