"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Сауран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін Сығанақ көшесін жол төсеміне орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлайды.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 18-21 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.