«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Арыс көпірінің астындағы жергілікті жол бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 16-20 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.