"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Мәңгілік Ел даңғылынан Роза Бағланова атындағы қазақ концертіне дейін Достық көшесін жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлайды.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 15-21 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.