"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы жол айрығында жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлайды.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 11-14 шілде аралығында Сығанақ көшесі бағытындағы Мәңгілік Ел даңғылынан оң жақ съезі және Сығанақ көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына оң жақ съезі толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.