Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылысын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына Ш. Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскесінде асфальттың үстіңгі, қабатын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы хабарлаймыз.
Қазіргі таңда жолдың бір бөлігі қозғалыс үшін ашылған, ал екінші бөлігі уақытша жабылған.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.