Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындарын мен қонақтарын Түркістан көшесінен Сауран көшесіне дейін Керей Жәнібек хандары көшесін жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы хабардар етеді. Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 30 маусым - 6 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.