Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Тұран даңғылында Сығанақ көшесінен Сарайшык көшесіне дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабардар етеді. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 10-15 маусым аралығында осы учаскедегі қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы қаладан әуежайға қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылатын болады.
Осы орайда:
2023 жылы Тұран даңғылы бойынша , Тұлпар көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскесінде
2024 жылы - Керей Жәнібек хандар көшесінің Жұлдыз айналымына дейінгі учаскесінде жұмыс жүргізілгенін естеріңізге саламыз.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.