Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Нұржол бульварының орташа жөндеу бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабардар етеді. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 7 мен 11 мамыр аралығында алдымен Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейін, содан кейін Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс кезең-кезеңімен жабылатын болады. Учаскелердегі қозғалыс толығымен жабылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.