Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Манас көшесінен А.Пушкин көшесіне дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылы бойындағы жол жабынының жоғарғы қабатын орнату бойынша хабардар етеді.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 4-7 маусым аралығында автокөлік құралдарының қозғалысы ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы алдымен Манас көшесінен А. Пушкин көшесіне қарай бір бағытта ұйымдастырылатын болады. Кейін - кері бағытта.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.