Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Бурабай көшесінде, Хантау көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі аралықта жол жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы хабарлайды.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 29-31 мамыр аралығында автокөлік құралдарының қозғалысы толықтай шектеледі.
Автобус маршруттарының өзгеріс схемасы жоғарыда көрсетілген.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.