Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Тәуелсіздік даңғылының орташа жөндеу бойынша жұмыстардың жалғастырылатыны туралы хабардар етеді. Осыған байланысты:
- 28 және 29 мамырда Б. Майлин көшесінен Күйші Дина көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады;
- 30 және 31 мамырда Күйші Дина көшесінен Қажымұқан Мұнайтпасов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады.
Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.