Ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мамандарының жүргізуімен Астана қаласы әкімдігіндінде ашық семинар өтті.
Семиндарда академияға құжаттарды қабылдау басталғаны және қалай тапсыру керегі екендігі туралы айтылды.
Академия – мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды іске асыратын еліміздің жалғыз жоғары оқу орны.
Магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау Академияның ақпараттық жүйесі (admission.apa.kz) арқылы жүзеге асырылады.
Егер Сіз мемлекеттік қызметші болмасаңыз, бірақ мемлекеттік басқару саласында білім алғыңыз келсе, онда сізде магистратураға кемінде 2 жыл жалпы еңбек өтілі, докторантураға кемінде 5 жыл еңбек өтілімен Академияда ақылы негізде оқуға мүмкіндігіңіз бар.