«Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы анонс
2024 жылғы 6 қыркүйекте «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) персоналды басқару және Басқарма қызметінде қозғалатын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау, бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу, ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелерді анықтау.
2) Астана қаласының аумағындағы мемлекеттік қызметтер көрсету, архивтік қорының құжаттарын сақтау, жинақтау, есепке алу, қорғау және пайдалану, тілдерді дамыту, ономастика және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау мен қолдануды қамтамасыз ету салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.