«Поэтикалық дуэль» байқауы

«Поэтикалық дуэль» байқауы

«Поэтикалық дуэль» байқауы

Поэтикалық дуэль – ұзақ жылдар бойы ақындардың арасындағы түсініспеушілікті шешу үшін қалыптасқан шығармашылық дода.

Шараның мақсаты: мемлекеттік рәміздер күні және биылғы жылы мерейтойлары аталып өткелі отырған Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыровтардың шығармаларын насихаттай отырып, өскелең ұрпаққа ой салу, патриоттық сезімдерін ояту. Байқауға қатысушы үміткерлер шығармаларында қоғамды жаңғырту мен дамыту үдерістерін бейнелейтін, сондай-ақ қазақстандықтардың заманауи дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ететін талантты қаламгерлерді анықтау және оларға қолдау көрсету;

Додаға 50-ден астам өтініш келіп түсті. Барлық ақындардың өтініштері ескеріліп, ең үздік 10 жас дүлдүл іріктелініп алынды. Астана, Алматы, Қызылорда, Көкшетау, Шымкент және т.б. қалалардан тартысты сынға үміткер ақындар мамырдың 17-жұлдызында өз өнерлерін қалың көпшіліктің алдында паш етпек. Жүлде қоры 1500000 теңгені құрайтын байқауда еліміздің кіл мықты ақындары әділқазылық етеді. Атап айтар болсақ, қоғам қайраткері, айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазыұлы, үздік бестселлер  «Дайағашшы» кітабының авторы, жазушы Ұларбек Нұрғалымұлы, «Серт» кітабының авторы, ақын Жәнібек Алиман. Дуэлдің шарттары:

  1. Ақындар бірінші кезекте бір бірімен жеребе арқылы жұптастырылып дуэлге түседі, онда өздерінің елдік, ерлік тақырыбда патриоттық өлеңімен қоса еркін тақырыптағы бір өлеңін оқиды.
  2. Екінші кезеңге жолдама алған бес ақын төрешілердің жұптауы бойынша бір бірімен дуэлге түсіп өздерінің еркін тапырыптағы екі өлеңін оқиды.
  3. Үшінші кезеңге шыққан үш ақын сахнаға бірге шығып сарқылғанша өлең оқиды.

Ақындық өнер - сөз өнерінің аса қастерлі саласы, ақын бойындағы шығармашылық қуат пен шынайы таланттың биік өлшемі, ұлттық әдебиеттегі сезім мен сырға толы тамаша поэтикдәстүр мен ақын шабытының астаса келіп, өлең құдіретінің жарқырап көрінер әсемдік әлемі. Қай әдебиетте де поэзияға айрықша орын берілген. Ежелден-ақ қазақ халқы да өлең сөздің қасиетіне бас иіп, оны өнер атаулының ең биік шыңына балаған. Халқымыздың бүкіл тұрмыс-тіршілігі, болмыс-бітімін өлең сөзбен астасып жатыр.

Сол себепті қазақтың болмысымен астасып жатқан бұл өнердің құдіреті мен қасиетін ұлықтау үшін ұйымдастырылып отқан доданың болашақ ұрпаққа берер тәлімі көп болмақ.