Итоги XXIV городского фестиваля языков народа Казахстана «Тілім – тірегім»

Итоги XXIV городского фестиваля  языков народа Казахстана «Тілім – тірегім»

«ТІЛІМ – ТІРЕГІМ» атты

Қазақстан халқы тілдерінің XXIV қалалық фестивалінің

қорытындысы 

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 5-30  қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдерінің қалалық фестивалі өтті.

Фестиваль 5 қыркүйек күні Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде Қаламгерлер аллеясында орналасқан Алаш қайраткерлері ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды.

Түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, қоғам қайраткері, қазақ әліпбиінің негізін салған ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілгеніне 5 жыл өтті. Биыл                                                     А. Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтуде. Аталған мерейтой жыл басында «Ахмет Байтұрсынұлы – Алаштың рухани көсемі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен ашылған болатын. Жыл бойы А. Байтұрсынұлының еңбектерін насихаттау мақсатында конференция, семинар, дөңгелек үстелдегі отырыстар, тренинг, кездесу, әлеуметтік желіде челлендж және басқа да 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылды.

Елордада тіл мерекесіне орай қазақ тілінің мәртебесін арттырып, өзге ұлттар арасында мемлекеттік тілді насихаттау, Қазақстан халқы арасында достық пен бірлікті нығайту мақсатында білім, мәдениет, спорт салаларында, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда конкурстар, кездесулер, дөңгелек үстелдегі отырыстар, ашық сабақтар, апталықтар ұйымдастырылды.

Қазақстан халқы тілдернің XXIV қалалық фестивалі аясында Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен республикалық мобилографтар байқауы, Домбыра party, «Ханталапай» ұлттық ойындар жарысы, «Ауылдың алты ауызы» атты қоғамдық көліктердегі қазақ әндерінің шеруі, «Қазақ тілі – кәсіп тілі» тақырыбында табысты кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел, «Қара, оқы» қазақша караоке кеші, бүлдіршіндерге арналған «Әжемнің ертегісі», «Өзге тілдің бәрін біл» атты қазақ тілінде еркін сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің жастармен мотивациялық кездесу, «Трендтегі тіл» тақырыбында телевизиялық ток-шоу, Қазақша кітаптардың үш күндік көрмесі, мемлекеттік қызметкерлер арасында «IQAS» қазақша куиз» интеллектуалды ойын, «Шешендік өнер – рухани қазына» атты 9-11 сынып оқушылары арасындағы қалалық шешендік өнер байқауы ұйымдастырылды.

Қазақстан халқы тілдерінің XXIV қалалық фестивалінің жабылуында жоғарыда аталған шаралардың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері мен танымал өнерпаздар өнер көрсетті.

Сонымен қатар фестиваль аясында шағын сөздік кітапшалар әзірленіп, таратылды. Алдағы уақытта аталған кітапшаның электронды және қағаз түріндегі нұсқалары барлық кәсіпкерлерге берілетін болады.