«Онлайн бюджеттік мониторинг»

«Онлайн бюджеттік мониторинг»

«Онлайн бюджеттік мониторинг»

Ағымдағы жылдың 28-ші сәуір айында  Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қатысуымен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының өкілдерімен бірге  кеңейтілген кеңес өткізілді.

Кеңес барысында «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесінің енгізілуі  және оның нәтижелері бойынша талқылынды.

Сонымен қатар, онлайн-мониторинг шеңберінде тәуекелмен таныстыра отырып,  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Қатысушылар аталған мәселелер бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді