АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит кезекті азаматтарды қабылдауын өткізді. Кездесуге басқармаға қарасты бірқатар мекеме басшылары да қатысып, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Өзекті мәселелерді жауапты сала жетекшілерімен бірге мұқият тыңдаған басқарма басшысы барлық сұрақтардың заң аясында шешілетінін атап өтті. Жауапты тұлғаларға (спорт басқармасына қарасты мекеме басшыларына) өз құзыреті шегінде тиісті тапсырмалар беріліп, кейбір мәселелер басқарма басшысының жеке бақылауына алынды.