«ТӘУЕЛДІЛІКТІ СПОРТҚА АЙЫРБАСТА»: АСТАНАЛЫҚТАР ТЕМЕКІ МЕН ВЕЙП ӨНІМДЕРІН СПОРТТЫҚ ТАУАРҒА АУЫСТЫРДЫ

«ТӘУЕЛДІЛІКТІ СПОРТҚА АЙЫРБАСТА»: АСТАНАЛЫҚТАР ТЕМЕКІ МЕН ВЕЙП ӨНІМДЕРІН СПОРТТЫҚ ТАУАРҒА АУЫСТЫРДЫ

«ТӘУЕЛДІЛІКТІ СПОРТҚА АЙЫРБАСТА»: АСТАНАЛЫҚТАР ТЕМЕКІ МЕН ВЕЙП ӨНІМДЕРІН СПОРТТЫҚ ТАУАРҒА АУЫСТЫРДЫ

Акция аясында елордалық спортшылар өтіп бара жатқандарға электронды темекіні спорттық құрал-жабдықтарға айырбастауды ұсынды. Іс-шара Алматы ауданы әкімдігінің, Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Акция аясында астаналық спортшылар қала тұрғындарына электронды темекіні спорттық құрал-жабдықтарға айырбастауды ұсынды. Олардың қатарында елорданың Жастар мәслихатының депутаты, қазақстандық спортшылар одағының мүшесі Нариман Секен,  Астана қаласының аралас жекпе-жек (ММА) бойынша аға жаттықтырушы, Аралас жекпе-жектен (ММА) және грэпплингтен спорт шебері Нұрлан Карабалин болды.

«Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қоғамдық маңызы зор акция өткізілді. Оның аясында біз темекі және вейп шегетін жастарға қолдарындағы зиянды заттарды бокс қолғабына, теннис жиынтықтарына, басқа да жабдықтарға айырбастауды ұсындық. Осылайша, біз елордалықтарды салауатты өмір салтына шақыра отырып, дені сау ұрпақ қалыптастыруға атсалысамыз», - деді жастар мәслихатының депутаты, Қазақстандық спортшылар одағының мүшесі Нариман Секен.

Іс-шараның ұйымдастырушыларының бірі ретінде «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің маманы Сұлтан Өмірғалиев мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, жастарды спортпен айналысуға шақырды.

«Осы акция арқылы біз жастарды спортпен шұғылдану, денсаулықтарына көңіл бөлу керегін көрсетіп, дұрыс жолға салғымыз келеді», - деді маман.

Айта кетейік, аталған акцияны Нұржан Батырбеков, Айтым Жакупов, Василий Тахтай, Әлихан Асубаев сияқты танымал спортшылар қолдап, жастармен бірлесіп, елорда көшелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын.

Акция барысында жиналған электронды құрылғылар мамандандырылған зауытта жойылатын болады.